Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қайрат Әділгерей халыққа 150 млн теңге тұратын үйін көрсетті

Қайрат Әділгерей халыққа 150 млн теңге тұратын үйін көрсетті
Жұртқа құрылысы аяқталған үйін өз парақшасында бөлісті

Әзілкеш Қайрат Әділгерей биыл сәуір айында төрт бөлмелі пәтер алғанын айтқан болатын. Қайрат Әділгерей халыққа құрылысы аяқталған үйін көрсетті, деп хабарлайды KYN.KZ.

"Біздің жаңа қонысымыз. Бұл үйімізде ойымыздағы көп идеяны жүзеге асырдық. Жылы, атмосферасы жайлы, сапасы мен көркемділігі үйлескен жоба боп шықты. Баршаңызға жұғысты болсын", - деп жазды Қайрат Әділгерей Instagram парақшасында. Ал тележүргізуші Анна Данченконың TikTok желісіндегі ақпаратқа сүйенсек, әзілкеш үйін 150 млн теңгеге салған. 

Айта кетейік, сәуір айында Қайрат Әділгерей төрт бөлмелі пәтер алғанын және үйдің құрылысына кірісетінін айтқан.

 

Ұқсас жаңалықтар