Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Еврейлерге қызмет көрсетпейміз”. Осылай жазба қалдырған УЗИ қызметкеріне шағым түсті

“Еврейлерге қызмет көрсетпейміз”. Осылай жазба қалдырған УЗИ қызметкеріне шағым түсті
Экономист, қоғам белсендісі Айбар Олжай дәрігерге шағым жасады

Экономист, қоғам белсендісі Айбар Олжай еврей ұлтына қызмет көрсетуден бас тартқан дәрігердің үстінен шағым түсірді, деп хабарлайды KYN.KZ. Бұл туралы ол Facebook парақшасында бөлісті. 

"Еврей ұлтының адамдарына қызмет көрсетпейміз" деп жазған Аида Ярупова есімді УЗИ дәрігерінің жазбасы қоғамда қызу талқыға түсті. Instagram парақшасында аталмыш жазбамен бөліскен ол, сынның астында қалды. Тіпті оның атына арыз да жазылып үлгерді.

"УЗИ дәрігері, азаматша Ярупова Аида Абдугапаровнаның Инстаграмында "кабинет ультразвуковой диагностики не обслуживает лиц еврейского происхождения, попрошу отписаться" деген жазбасын ҚР Қылмыстық Кодексі 174 бабы, 1 тармағы бойынша тексеруді сұрап, Іле аудандық прокуратурасына онлайн арыз бердім. Оған E-Otinish арқылы бар-жоғы 2 минут уақыт кетті.
Аида Ярупова ұлтаралық араздықты қоздырды ма, заңды бұзды ма - оны тексеретін, шешетін мен де, сіз де емес, құзырлы органдар мен Сот. Азаматтық қоғамның жұмысы тек сигнал беру. Бізде система осылай жұмыс істейді, бәріне қағаз не электронды құжат керек" деп жазды Айбар Олжай.

Ұқсас жаңалықтар