Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елімізде 8 мыңнан аса медициналық маман жетіспейді

Елімізде 8 мыңнан аса медициналық маман жетіспейді
Егемен Қазақстан
Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 20-30% артып отыр, деп хабарлайды KYN.KZ.

Бұл – медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғауда өте үлкен маңызға ие. Алайда салада медициналық кадрдың тапшылығы бар. Біздің мәлімет бойынша денсаулық сақтау саласында 8 мыңнан аса кадр тапшы. Бұл тенденция соңғы жылдары байқалып отыр. Оның саны артып та келеді. Кадрларды сақтап, оларға жағдай жасау бойынша бірқатар ұсыныс болды, - деді Мәулен Әшімбаев.
Сондай-ақ, ол  осы мәселені шеу үшін денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды. 

Медицина мамандығына кадр тарту үшін қосымша қандай іс-әрекет жасауға, қандай заңға өзгеріс енгізіп, қандай норма қабылдауға болады деген мәселелерді қарау керек. Себебі медицина кадрларының жетіспеушілігі – өте өзекті проблема. Соңғы жылдары қарқынды өсу болған жоқ. Қазір нақты шешім қабылдауды қажет ететін жағдай туындап отыр. Оларды әзірлеп, Үкіметпен бірлесіп іске асырамыз, - деді сенат төрағасы.

Ұқсас жаңалықтар