Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Еліміздің құрамасына алғашқы алтын жүлде түсті

Еліміздің құрамасына алғашқы алтын жүлде түсті
Zakon.kz
Аяжан Сыдық 54 келідегі өзбекстандық қарсыласын жеңді

Жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының финалдық кездесулері қыздар арасындағы жекпе-жекпен басталды. Ел қоржыны алғашқы алтын жүлдемен толды, деп хабарлайды KYN.KZ.

Астана қаласында өтіп жатқан Азия чепионатының жасөспірімдер санатында жұдырықтасатын Аяжан Сыдық 54 келідегі финалдық кездесуде өзбекстандық қарсыласы Зухро Рустамованы жеңді. Төрешілердің берген бағасы 5:0. Осылайша Аяжан Сыдық ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медаль алып келді. Еске салайық, финалдық кездесулер тізбегін алғаш болып 48 келіде бақ сынаған боксшы қыз Айым Танкибаева Өзбекстан өкілімен жұдырықтасып, қарсыласына есе жіберген еді.

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар