Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда қауіпті инфекция қаптап барады

Атырауда қауіпті инфекция қаптап барады
Tengrinews
Осы жылдың 9 айында 9 жағдай тіркеліп отыр

Атырау қаласында эхинококкоз инфекциясына шалдыққандардың саны екі есеге өсті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Astana TV арнасына сілтеме жасап.

Дәрігерлер паразитарлық аурудың балалар арасында өршіп тұрғанына алаңдап отыр. Ал санитар мамандар ондай жағдай екі жылдан бері байқалмағанын айтты.

"Соңғы екі жылда эхинококкоз ауруының өсуі байқалып отыр. 2023 жылдың 9 айында 9 жағдай тіркеліп отыр, соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың арасында 3 жағдай тіркеліп отыр. 2022 жылмен салыстыратын болсақ, жыл бойы 6 жағдай анықталды", - дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау депаратменті басшысының орынбасары Қадыржан Оразғалиев.

Дәрігерлердің айтуынша, ауру белгілерімен келетіндер сирек. Көп жағдайда жоспарлы тексеріс кезінде анықталады. Сондықтан ит және үй жануарларының күтімі кезінде гигиеналық ережелерді қатау ұстану қажет.

"Көбіне кездесетін эхиноккоздың түрлері бауыр, одан кейін өкпеде кездеседі.Бауырда кездесетін себептері қан тамыры, ішек арқылы келіп бауырда орналасып, бауырда экиноккоз инфекциясы пайда болады. Бізге келетін жастар оны үй жануарларынан жұқтырып келеді", - деп атап өтті Атырау облыстық ауруханасының хирург-дәрігері Аманқос Қуанышев.

Ұқсас жаңалықтар