Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Еліміз ажырасудан антирейтингте топ-20 тізімге енді

Еліміз ажырасудан антирейтингте топ-20 тізімге енді
Жалағаш жаршысы
Ең аз ажырасу Ұлытау облысында тіркелген

Сарапшылар Қазақстандағы неке мен ажырасу санын талдады. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, елімізде ауыл тұрғындары жиі ажыраса бастағаны белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ.

Алайда былтырғыға қарағанда ажырасу да, қиылған некелер саны да азайды. 

Мәселен, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша елімізде 53,8 мың ерлі-зайыптының некесі тіркеліпті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға аз. Қалаларда неке саны жылына 16,7 пайызға, 35,5 мыңға дейін қысқарған, ал ауылдарда, керісінше, бірден 47,4 пайызға, 18,4 мыңға дейін өсіпті. Алты айдағы ажырасулар саны 8,2 мыңға жеткен – бір жыл бұрынғыға қарағанда 9 пайызға аз. Қалаларда ажырасу саны бір жылда 14,8 пайызға, 6 мыңға дейін, ауылдарда – 12,6 пайызға, 2,1 мыңға дейін қысқарды. Өңірлерді қарастырсақ, ең көп неке Алматыда тіркеліпті: 5,7 мың, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,7 пайызға аз. Жаңадан отау құрғандардың үштігіне Түркістан облысы (5,5 мың неке, жылына минус 8,3 пайыз) және Астана (4,7 мың неке, минус 6,2 пайыз) кірді. 

Ең аз неке Ұлытау облысында тіркеліпті: 663. Тіркелген ажырасулар саны бойынша сол Алматы көш бастап тұр: 1,1 мың – өткен жылмен салыстырғанда 10,4 пайызға аз. Ажырасу бойынша көшбасшылар үштігіне Астана (734 ажырасу) және Қарағанды облысы (723) кірді. Ең аз ажырасу Ұлытау облысында – 102 жағдай. 

Енді әлемдік рейтингті қарастырып көрсек, Wisevoter ресурсы талдаушыларының деректері бойынша, Қазақстан ажырасу саны бойынша әлемнің 114 елінің ішінде 16-орында тұр.

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар