Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ОКҚ алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.
“Биылғы оқу жылынан бастап студенттерді әлеуметтік қолдау мақсатында стипендия 50%-ға өсті, ал 2024 жылы тағы 50%-ға арттыру көзделіп отыр”,- деді министр.
Сонымен қатар колледжге кәсіби білікті педагогтер мен басшыларды тарту мақсатында өндірістен мамандарды шақыру шаралары қабылданып, оларға 35% үстемеақы тағайындалды.
“Колледждерде жаңа өзгерістер көшбасшыларын қалыптастыру мақсатында кадрлық резервті жасақтау жұмыстары пысықталып жатыр. Білім беру саласын цифрландыру аясында осы жылдан бастап колледж түлектеріне QR-коды бар диплом беріле бастады. Оның түпнұсқасы eGovmobile мобильдік қосымшасында қолжетімді”,- деп айтты Ғани Бейсембаев брифингте.