“3,5 млн теңге алдым”: Суррогат ана не үшін осы қадамға барғанын айтты
- kyn.kz
- 3 қараша, 2023
- 2.4k
Мақпал есімді әйел неге бұндай қадамға барғанын "Қыздар-ай" бағдарламасында ашып айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі "Қыздар-ай" бағларламасына сілтеме жасап.
“3,5 млн теңге алдым. Қыз босандым. Әрі айына 150 мың теңге төлейтін пәтер жалдап алып берді. Өзімнің екі ұлым бар. Болашақта қызда болар. Ол қызды өзімнің қызым деп айта алмаймын. Өйткені, дайын эмбрионды салды”,-дейді Мақпал.
Студияда сарапшылар 9 ай көтерген баланы қиып бере салудың қаншалықты қиын екенін, қимастық болмады деп сұрады.
“Ондай сезім болды, бірақ күйеуім қасымда қолдау көрсетті.Тағы да қызды да, ұлды да боламыз. Міне, жақында өзімнің ұлымды босандым. Бәрі жақсы”,-деді ол.
“Кішкентай қыз түсіңізге кіріп, мазаламай ма? Мысалы,мен көшеде бір қайғырып отырған қызды көрсем, түсіме кіріп, жүрегім ауырады. Ал, сіз 9 ай құрсағыңызда көтеріп, бересіз”,-деп Әлия Мүнісова, актриса сауал қойды.
“Әрине,9 ай көтергеннен кейін бауыр басасың.Бірақ, түсінесің, сеніғ қаның, сенің хросомаң балаға берілмейтінін.Мен ешқандай жамандық жасап жатқан жоқпын.Мен 9 ай өсірген біреудің баласын аман-сау қолына бердім. Ол исламда да рұқсат етілген нәрсе.Мен қазақтың санын көбейтіп жатырмын”,-деді Мақпал.