Мәдениет
“Жігіттер қорқады дейді. Неге екенін білмеймін, қорқады”: Қаракөз Тілеубекова әлі күнге дейін тұрмысқа шықпау себебін айтты
- kyn.kz
- 3 қараша, 2023
- 6.5k
Актриса әлі күнге сүйгенін жолықтырмағанын жеткізді
"Ұйқым келмейді" бағдарламасына келген өнер иесі жан сырын ақтарды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі “Ұйқым келмейді” бағдарламасына сілтеме жасап.
"Алматыда жоқ, жоқ. Астанада жоқ, жоқ. Қайтем енді? Енді шетелге кетем енді. Өз обалдарың өздеріңе. Шетелде жақсы алады дейді. "Қаракөз шетелге тұрмысқа шықты" деп айтса да, енді не істеймін? Жалғыздық Аллаға ғана жарасқан. Жігіттер қорқады дейді. Неге екенін білмеймін, қорқады. Жігіттер біреу арқылы "Қаракөз, сені ана бала...." дейді. Неге өзі келмейді? Алдыма келіп отырсын деймін. Қорқады. Күтем, жоқ", - деп күлді Қаракөз Тілеубекова. Еске сала кетейік, осыған дейін апалы-сіңлілі Гүлбаушан және Қаракөз Тілеубекова қазір қайда жүргенін айтқан болатын.