"Көзің шаршапты. Осы көру қабілетіңе риза бол": әнші Серікбол Сайлаубек Стамбұлда көзіне ота жасамағанын айтты
- kyn.kz
- 3 қараша, 2023
- 8.5k
Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында шетелдік дәрігерлер көзіне ота жасауға келіспегенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі "Ұйқым келмейді" бағдарламасына сілтеме жасап.
Бағдарлама жүргізушісі Аман Тасыған әншіден "Стамбұлда көзіңізге қанша рет ота жасалды?", - деп сұрады. Ал әнші Стамбұлға тексерілуге барғанымен ота жасалмағанын жеткізді. "Стамбұлда ота жасамады. Дәрігерлер келіссе, ота жасату үшін тексерілуге бардым. Стамбұлдағы дәрігерлер "Сенде екі көз емес, бір-ақ көз ғой. Екі көз болса, тәуекел етуге болар ма еді?! Ол көліктің моторы емес қой. Ол көздің жанары" деді. Көзімді тексерсе, қарашығым ары-бері қашады. Ауырады. "Көзің шаршапты. Осы көру қабілетіңе риза бол" деді. Маған көбісі Испанияға, Кореяға баруға кеңес береді. Бірақ, осыған шүкір. Көзімнің торын тігіп, сол жерді ұстап тұру үшін силикон қойды. Силикон деген судың астында жүрген сияқтысың. Мен сегіз ай бойы солай жүрдім. Көзім ашылғанда, байлықтың не екенін түсіндім. Күннің сәулесін көрдім, маған басқа ештеңенің керегі жоқ қой. Байлық деген - денсаулық екен. Соған біз қуануымыз керек", - деді Серікбол Сайлаубек.