Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Әсіресе, келінге қарап қаламыз”: Гүлзира Айдарбекова жас отбасыларға ақылымен бөлісті

“Әсіресе, келінге қарап қаламыз”: Гүлзира Айдарбекова жас отбасыларға ақылымен бөлісті
https://instagram.com/gulziraaidarbekova
Қартайғанда барлығын келіні шешетінінін айтып қалды

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова отбасылық өмірдегі қиындықтарды сөз етіп, жаңадан құрылған жанұяларға ақылын айтты. Қайрат Нұртастың анасы болашақта өзі келінінің қолына қарап отыратынын жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ.


Айдарбекова қазіргі уақытта күш өз қолында болғанымен, кейін қартайған шағында барлығын келіні шешетінінін айтып қалды. Жұлдызды ененің сөзінше, отбасын алғаш құрған кездегі қиындықтар кейін жылы естелік болып қалады.

"Отбасын құрған кезде бір қиын кезең болады. "Үйлену оңай, үй болу қиын" дейді ғой. Ол бұрыннан келе жатқан сөз. Менің сөзім емес. Жас келінге түсіну керек. Ол бір ең қызық сәттер. Мысалы, күйеуіміз екеуіміз үйленген кездегі қиыналғаным қазір маған бір сондай қызық, керемет естелік. Сіздер сол естелікті ұмытпаңыздар. Бақытты адам жоқ, бақытты сәттер көп. Осының бәрі сіздің бақытты сәттеріңіз болып қалады. Балам менен сұрануы мүмкін. "Мама, мына жаққа барсам болады ма?" деп. Қазір күш менің қолымда, бірақ түбіріне келетін болсам, ертең мен келінімнің қолына қараймын. Өйткені, біз қартаямыз, қолымыздан күш кетеді. Сол кезде баратын жерімізге "келініміз жіберсе екен", "маған бір дәмді тамақ жасап береді ме екен" деп, келініміз бен ұлымыздың қолына қарап қаламыз. Әсіресе, келінге қарап қаламыз. Сол себепті, бір-бірлеріңізбен жақсы қарым-қатынаста болыңыздар. Ол ақшаға тірелмейді. Өзіңіз жылы шыраймен әдемі келін болып жүре беріңіз. Оның барлығы бақыты кездеріңіздің сәттері болып қалады", - деді продюсер Instagram парақшасында.

Ұқсас жаңалықтар