Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда клуб күзетшісі келіншекті қорқытып зорлап кеткен

Алматыда клуб күзетшісі келіншекті қорқытып зорлап кеткен
Globalnews
Оқиға тамыз айында орын алған

Айтуынша, жас жігіт пышақпен қорқытып, болған жағдайды телефонға да түсіріпті. Полицияға шағымданғанмен, олар «арызды қайтып ал» деп қысым көрсеткеніне шағымданады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Сорақысы сол, күдікті әлі күнге бостандықта жүр дейді. Бұл жайтқа қатысты Алматы полиция департаменті мәлімдеме жасады. 

«Қорыққанымнан қорлыққа көндім, зорландым» деген алматылық 30 жастағы әйел күзетшімен барда танысқанын айтады. Үйіне шығарып салам деген өтініші секем туғызбай, қасыма ерттім дейді. Айтуынша, үйдің дәлізінде пышағымен қорқытып зорлық жасаған. Онымен қоймай, телефонына да түсіріпті. 

“Бір сәтте оның телефонға түсіріп тұрғанын түсіндім. Оған қажет емес деп жалындым. Мені әбден қорлап, айтпағаны жоқ. Қазір қажет болса, достарымды да шақырамын деді. Әбден зәрем ұшты. Бұл адамды жауапқа тарту керек! Соңына дейін баруға дайынмын”,-дейді жәбірленуші.

Жәбірленушінің айтуынша, күдіктіні полиция ұстағанмен, кейін босатып жіберген. Онымен қоймай үйіне келіп, «арызыңды ал» деп қысастық көрсетті дейді. Ол әңгімені телефонына түсіріп алған. Жәбірленушінің адвокаты полиция қызметкерлерінің мұндай талап қоюын «заңды өрескел бұзу» дейді. Оған жол бергендер тиісті жазасын алсын деген талап қояды. 

“Олар жәбіреншуіні өз еркінен тыс, күдіктімен бетпебет жүздестіреміз деген желеумен полиция бөлімшесіне жеткізбек болған. Бірақ ол кезде Алмалы ауданының полиция бөлімінде қылмыстық іс тіркеліп үлгермеген еді. Қылмыстық іс тек кезекші прокурорға біз шағым тастағанымыздан кейін бір-ақ қозғалды”,-дейді Әлия Омарова, жәбірленушінің адвокаты.

Полицияның айтуынша, түскен арыз бойынша тергеу жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Сондай-ақ, қызмет тексерісі жүргізіліп жатқанын жеткізді. 
Зорлық-зомбылық әрекетінің болу-болмауы міндетті түрде анықталады. Сонымен қатар полиция қызметкерінің тарапынан болуы мүмкін заңсыз әрекеттері тексеріледі. Оның іс-әрекетіне міндетті түрде баға беріледі. Егер осы мәлімет дәлелденсе, онда тәртіптік тұрғыда жазаланады”,-дейді Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі.

Ал күдіктіден бұлтартпау шарасымен қала аумағынан шықпау туралы қолхат алынған. Өйткені зорлық көрсеткен-көрсетпегені сараптама нәтижесінен кейін белгілі болады.

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар