Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Отельдің бар бағалы жиһазын сатып жіберген»: Арыстанбек Мұхамедиұлының сотында қонақүйдің күзет бөлімінің басшысы мәлімде жасады

«Отельдің бар бағалы жиһазын сатып жіберген»: Арыстанбек Мұхамедиұлының сотында қонақүйдің күзет бөлімінің басшысы мәлімде жасады
Азаттық
Куәгер экс-министрдің қонақүйдің бұрынғы қожайынын қуып жібергенін айтты

«Дипломаттың» бар бағалы жиһазын жүк көлігіне тиеп сатып жіберген», деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты кезекті сот талқылауында қонақүйдің күзет бөлімінің басшысы осылай мәлімдеді. Куәгер ретінде сот отырысына қатысқан ол, қонақүйдің бұрынғы қожайынын экс-министр отельден қалай қуып шыққанын да «өз көзіммен көрдім» дейді.

Бірқатар мәлімдеме жасаған күзетшінің сөзінше, Мұхамедиұлы қонақүйге тең төраға болғаннан кейін отбасымен отельге иелік ете бастаған. Күнара ішімдік ішіп, ырду-дырду отырыс көбейген. Қонақүйдің акционерімен ортада жанжал шыққан күні ашуға бұлыққан экс-министр қызбаланып сөйлеп, оған табанын жалтыратуды бұйырыпты. Сол күннен бастап рейдерлік тартып алу басталған-ды. Ал қызмет лауазымын асыра пайдаланып, Астананың қақ ортасындағы «Дипломат» қонақүйін тартып алды деп айыпталып жатқан Арыстанбек Мұхамедиұлына куәгерлердің сөзі шымбайына батқандай. Ол істі қарап жатқан судьядан жалған куәлік еткендерді қылмыстық жауапқа тартуды сұрады.

«Басқасы басқа, жеке басым мен отбасымды қорлайтын, ұлымды «алқаш», енемді «кәрі, есі дұрыс емес» деген сөздерге шыдай алмаймын» - деді экс-министр.

Естеріңізге сала кетейік, экс-шенеунік бұған дейін Ұлттық музейдегі жемқорлық ісі бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол бүгінде жазасын орташа қатаң колонияда өтеп жатыр. Куәгер: - Бізге тапсырма берілді, қазір барлық жиһазды паркингке апарасыңдар, сол жақтан үлкен жүк машиналарына тиейсіңдер деген. Біз дәл солай істедік. Барлық жиһаз қымбат, тозбаған еді. Ішінде өте бағалы, антиквариаттары да болды. Содан кейін қонақүйдегі дүниемүлік жұпыны кейіпте қалып қалды.

Ұқсас жаңалықтар