Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Аягөзде үйі өртеніп, төрт баласы қайтыс болған шаңырақта сол күні жинап отырған ақша жоғалған

Аягөзде үйі өртеніп, төрт баласы қайтыс болған шаңырақта сол күні жинап отырған ақша жоғалған
ашық дереккөз
Ұлының көзіне ота жасату әке-шешесі 900 мың теңге жинаған

Ішкі істер министрлігі Аягөзде төрт баласы өрттен көз жұмған үйден қомақты қаражаттың ұрлану фактісі тергеліп, тексеріліп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды KYN.KZ.

Отбасының екінші ұлы Нұрасылдың көзі дұрыс көрмеген. Бұған дейін екі рет ота жасатқан. Үшінші рет тағы бір ота жасату үшін әкесі там-тұмдап тиын-тебен жинаған. Әке-шешесі сол мақсатқа 900 мың теңге жинап, шкаф ішіндегі куртканың төс қалтасына салып қойған. Өрт болған күні сол ақша жоғалып кеткен. Отбасының туыстары өрт болған күні үйге өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлерінен басқа ешкім кірмегенін айтады.

Ішкі істер министрлігі оқиғадан хабардар екен. 

“Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде әртүрлі нұсқалар жарияланып жатыр. Соның ішінде өрт кезінде үйден ақша ұрлау туралы: осы ақпаратты тексеру мақсатында Абай облысы полиция департаменті ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде оқиғаның мән-жайын және қылмыс жасаған адамдарды анықтау бойынша кешенді шаралар қабылданады”, – деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Полицияның хабарлауынща, үй иелері ақшаның жоғалғаны жөнінде арыз жазбаған.

– Сондай-ақ жәбірленуші полиция мен өртке қарсы қызмет қызметкерлерінен күдіктенбейтінін түсіндірді, керісінше оларға уақтылы көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар полиция департаменті ҚР ҚК 274-бабы бойынша көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертіп, тексерілмеген ақпаратты таратпауды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұрайды.

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар