Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дариға Бадықова күйеуі көзіне шөп салса кешіретінін айтты

Дариға Бадықова күйеуі  көзіне шөп салса кешіретінін айтты
Инстаграм
Актриса: Қазір міне дана жасқа келдім, ондайдың барлығына қолды бір сілтеймін

Актриса Дариға Бадықова  қазақ отбасында ер адам мен әйел кісі тең болуы керек деген пікірде. Сөзінше қазіргі келіншектер заман ағымымен жүреміз деп, түсініксіз бағытқа кетіп барады. Мысалы, отбасында әкенің орны жоғары, ол қазан-табаққа араласпауы керек деген Бадықова.

Бұл туралы KYN.KZ  тілшісі "Динамен дұрыс" жобасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Ер адам қызын горшокка тоспауы керек. Бұл жерде ешкімге қауіп жоқ. Қазіргі психологтар онда тұрған не бар деуі мүмкін. Ұят деген нәрсе бар. Менің әкем немерелері жалаңбұт жүрсе жақтырмайтын. Ол содан қалған тәрбие. Менің қыздарымды әкесі ешқашан тосқан емес, жуындырған емес. Ер адам бірінші торт таңдайды сосын басқасын таңдайды, одан кейін сенің духиіңді таңдайды. Әрі қарай сен соған ұнайтын затты алып, өзіңе ұнайтыннан бас тартасың. Сосын ол сенің қалауыңа араласады. Бұл өте қауіпті.  Сондықтан әркім өз орнын білуі керек. Ер адам осылай жәйләп майдаланады. Отбасында сыйластық, баланс болуы керек. Сол кезде ғана ер мен әйел бақытты өмір сүре алады. Бақыт деген сол ортақ түсіністік.",-деген актриса.

Дариға Бадықова адам әр жаста әр дүниеге түрлі ракурстан қарап, түрлі ұстанымда болатынын айтып өтті. Ол тіпті тура қазір күйеуі көзіне шөп салса да кешіретінін айтты.

"Жас күнімде күйеуім көзіме шөп салса кешірмес едім. қазір мүлде ондай ұстанымда емеспін. Адамға ақыл жасымен, өмірлік тәжірибемен келеді екен. Мысалы қазір ондайға мән бермес едім. Өйткені артын ойлайсың, соңын бағасың. Қазір міне дана жасқа келе жатырмын. Отбасында ер адам өз ақшасын өзі, әйел адам өз ақшасын өзі ұстауы керек. Отбасылық дүниеге  бірге шығаруы керек.",-дейді Дариға Бадықова.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар