Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

7 жасар өгей қызын ұрып өлтірген әйел туралы сотта жан түршігерлік ақпараттар айтылды

7 жасар өгей қызын ұрып өлтірген әйел туралы сотта жан түршігерлік ақпараттар айтылды
Ulysmedia.kz
Желіде белсенді сымақ әйел өгей қызын айлар бойы ұрып-соғып, дәретін ұстай алмайтын хәлге жеткізген

Жантүршігерлік қылмыс биыл жазда болған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. Жауыз әйел жеткіншекті жүйелі түрде сабап келгенін куәгерлер айтып отыр. Ақыр соңында үлкен дәретін жіберіп қойғаны үшін басын қабырғаға ұрып талдырған. Қыз бала ес жимастан қайтыс болды. Жауыздық жасаған қыздың өгей шешесі кезінде қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді көтеріп жүрген белсендісымақ екен. Боялған қысқа шаш. Өткір көзқарас. Жастар мәнерінде киінген 47 жастағы әйелге өгей қызын ұрып өлтірді деген айып тағылып отыр. Бүгінгі алдын ала тыңдалымға ол тыңғылықты дайындалып келген сыңайлы. Бір емес, екі қорғаушысымен қатысты. Бірі дәл алдында отырса, екіншісі қашықта. Соттың сұрауынан кейін ойланбастан алқабилерден бірден бас тартты. Балжан Тұрлыбекованың теледидарды жақтыртпауы бүгін ғана. Негізі ол осы уақытқа дейін ел алдында емін-еркін сөйлеп жүрген қоғам белсендісі. Әрі пәтер иелері кооперативінің төрайымы болып жұмыс істеген. Былтыр тіпті КТК арнасына өз мәселесін айтып, сұхбат берген. Енді қазір бет-жүзін көрсетпеуді талап етуде. 
"Балжан ханым, тағылған айыппен келісесіз бе?",- деген сауал қойды.

" Келісе ме, келіспей ме, онысын біле алмадық. Сол күйі жауап бермеді. Бірақ марқұм болған 7 жасар қыздың жақындары дәл осы әйелдің жеткіншекті жауыздықпен өлтіргеніне сенімді",-деп жауап берді. 

"Менің талабым, ол әйелді өмір бойына бас бостандығынан айыру. Өйткені немеремді төрт ай бойы ұрып, ақыры өлтіріп тастады. Негізі әкесі де Каринаны ұрған. Бірақ ол жазадан құтылып кетті. Әкесін де қамауға алу керек",-дейді Елена Закураева, марқұмның әжесі.

 «Әкесін де жазаға тарту керек» деп отырғаны тектен-тек емес. Айта кетейік, туған шешесі 10 айлығында қашып кеткен кішкентай Каринаны 7 жасына дейін негізі әжесі бағып-қаққан. Алайда биыл көктемде әкесі Бәкен Закураев инспекторлармен келіп қызды алып кеткен. Сөйтіп өзінен 14 жас үлкен азаматтық некедегі әйелі Балжан Тұрлыбекованың үйіне апарады. Сол уақытта екеуі бірге жарты жыл ғана тұрыпты. Карина жат жерде төрт ай бойы өгей шешесінен де, туған әкесінен де әбден таяқ жеген дейді жақындары. Белбеумен сабағанын көршілері де көріпті. Айтуларынша, ақыр соңында, 10 шілдеде жеткіншек үлкен дәретін жіберіп қойғаны үшін өгей шешесі басын қабырғаға ұрады. Қатты соққыдан миына қан құйылып, Карина бірден жантәсілім еткен.
 

Өгей қызын өлтірді деп айыпталған Балжан Тұрлыбекова 20 жыл немесе өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал әйелінің қатігез екенін біле тұра, араша түспеген әкесі жазаға тартылады ма, жоқ па, әзірге белгісіз. Кейбір мәліметке сүйенсек, Бәкен Закураев сол оқиғадан кейін қаңғыбастың күйін кешіп кеткен.

Ұқсас жаңалықтар