Даулы жағдайдан кейін ауырып қалған әнші ем қабылдап жүргенін айтты
Әли Оқапов қазіргі жағдайын Instagram парақшасында бөлісті. "Құрмет" орденінен кейінгі жағдайдан соң, ауырып қалған әнші әлі де ем қабылдап жатқанын жеткізді.
"Оралатын кез келді. Мен тағы видеоүндеу түсіруді ойладым, бірақ бұл жағдайдың телехикая болып кеткенін қаламаймын. Сол себепті, ол райымнан қайттым. Жақын арада Динара Сәтжанға берген сұхбатым жарыққа шығады. Сол жерде бар ойымды толық айттым. Бұдан былай бұл тақырыпқа қатысты пікір білдірмеймін. Қоңырау мен ұсыныс өте көп. Сондықтан аз уақытқа барлық желіден үзіліс алдым. Одан кейін бұл оқиға менің денсаулығыма әсер етіп, қызуым көтеріліп, қатты ауырып қалдым. Әлі де аурудан құлан-таза айыққан жоқпын, ем қабылдап жатырмын. Соның кесірінен үш келі салмақ тастадым", - деді ол.