Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Росатом» Қазақстанға АЭС салуға дайын

«Росатом» Қазақстанға АЭС салуға дайын
КазТаг
Бұны Владимир Путин "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында айтты

Бұған қатысты энергетика министрі бүгін пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Ресейдің ұсынысын жоғары бағалағанымызбен, алып-ұшып бұл жобаны іске асырамыз деген жоспар әзірге жоқ дейді Алмасадам Сәтқалиев. Елімізде АЭС құрылысына Ресейден бөлек, Франция, Оңтүстік Корея мен Қытай компаниялары да дәмелі. Қазір мамандар модульді реакторларды орнату технологиясын зерттеп жатыр. Ал құрылысқа қатысты нақты шешім референдумнан кейін белгілі болмақ. 

Энергетика министрінің айтуынша, бүгінде референдумға дайындық қызу басталып кеткен. Науқанда қандай сұрақтар халық назарына ұсынылатыны нақтыланбапты. Естеріңізге сала кетейік, биылғы Жолдауында Қазақстан президенті АЭС құрылысына байланысты жалпыұлттық референдум өтетінін мәлімдеген. Атом электр станциясы бұған дейін Алматы облысының Үлкен ауылында салынады деп айтылды. Бірнеше рет жария тыңдаулар да өтті. Әзірге нақты шешімге келмеген. 

«Росатом» АЭС салуға ниетті компаниялардың бірі. Одан бөлек, франциялық IDF, Оңтүстік Корея мен Қытай компаниясы бар екенін білесіздер. Сондайақ біз америкалық General Electric, NuScale компанияларының ұсынысын қосымша қараудамыз. Нақты шешім референдумнан соң белгілі болады. Референдумда қандай сұрақтар қойылатыны әлі жазылған жоқ. Сұрақтарды жазған кезде қоғамның пікірі ескеріледі»,-деді Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі.

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар