Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қызылорда шенеуніктері жөнделіп қойған көшелерге тағы 1,7 млрд теңге бөлген

Қызылорда шенеуніктері жөнделіп қойған көшелерге тағы 1,7 млрд теңге бөлген
ашық дереккөзі
Прокуратура аталған жайтты зерттеп, ақша жымқыру операциясының алдын алды

Қызылорда қаласында мемлекеттік сатып алу саласында заңдылықтың сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде бұрын соңды орташа жөндеу жүргізілген көшелерге қаражат бөлінгені белгілі болды.

Прокурорлардың араласуынан кейін мемлекеттік сатып алудың күші жойылып, 1,7 млрд теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Атап айтқанда, 2020 жылы Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округі, Батырбаев көшесіне 49 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

«Автомобиль жолдарының құрылымдық элементтерінің, оның ішінде салу, реконструкциялау, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуден кейінгі жол жағдайының жөндеуаралық мерзімдерін белгілеу жөніндегі ұсынымдар туралы» Бұйрықтың 4.1. тармағына сәйкес автокөлік жолдарына күрделі жөндеуаралық мерзімі 6-9 жылды құрайды. Аталған талаптарға қарамастан, Қызылжарма ауылдық округінің әкімдігімен ағымдағы жылы Батырбаев көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөліп, 653,9 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу жариялаған», – деп мәлім етті облыстық прокуратура.

Осыған ұқсас заң бұзушылықтар Әбенов, Досхожин және Сексенбаев көшелеріне күрделі жөндеуге 1 млрд теңге қаражат бөлу кезінде анықталды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 1,7 млрд теңгені құрайтын 4 сатып алу конкурсының күші жойылды.

Айта кетейік, бұдан бұрын СҚО-ның Ғ.Мүсірепов ауданында 2022 жылы автомобиль жолдарын жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды. Ауданның ТКШ бөлімінің басшысы «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының талаптарына қайшы, автомобиль жолдарын жөндеуге 427 млн теңге көлемінде ақы төленген, ол бойынша жұмыстар нақты орындалмаған.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар