Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"жай-жапсары айтылды": мұғалім әрі жездесі 14 жастағы әйелінің туған інісін зорлаған

"жай-жапсары айтылды": мұғалім әрі  жездесі  14 жастағы әйелінің  туған інісін зорлаған
ҰҚК
10 жыл мектепте жұмыс істеген ұстаз 2 күн бойы тау бөктерінде қашып жүрген

Жетісу облысына қарасты тау бөктерінен екі күн бойы полициядан қашып жүрген педофил-мұғалім ұсталды. Ол Сарқандағы мектептердің бірінде 10 жылдан бері математика пәнінен сабақ берген. Мектеп директорының сөзінше мұғалім арам пиғылын орталықтағы қонақ үйлердің бірінде істеген.

14 жастағы баланың жан дауысы шыққан кезде  қонақ үй қызметшісі бөлмеге жетіп келіп, адам айтса нанғысыз жағдайды көзбен көрген, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

Қонақ үй әкімшісі полиция шақырған сәтте ер адам оқиға орнынан қашып кеткен. Екі күн бойы тау бөктерін паналап жүрген. Бүгін ҰҚК қызметкерлері  оны ұстады. Қазір күдікті полиция бөлімшесіне жеткізілген. Алдағы уақытта қылмысты тергеу жұмыстары басталады.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар