Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Экология министрлігі ақбөкеннің мүйізі шетелге сатылуы мүмкін екенін айтты

Экология министрлігі ақбөкеннің мүйізі шетелге сатылуы мүмкін екенін айтты
Inbusiness.kz
Дәл қазір киік өнімдерін экспорттауға халықаралық қауымдастық тыйым салған

Ақбөкеннің мүйізі шетелге сатылуы мүмкін. Дәл қазір киік өнімдерін экспорттауға халықаралық қауымдастық тыйым салған. Алайда Экология министрлігі өкілдері Женева қаласында СІТЕЅ Хатшылығымен бұл мәселені кеңесіп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ

 Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеген. Оның айтуынша, рұқсат берілген бойда мүйіздерді экспорттау басталады. Ресми жауап шамамен 2025 жылдың басында келуі мүмкін. 

Ал оған дейін киік мүйіздері арнайы орында сақталады. 

"Ақбөкен мүйізінен Шығыс елдері, негізінен Қытай дәрі-дәрмек әзірлейді. Қазіргі уақытта біздің оны сатуға мүмкіндігіміз жоқ. Бірақ келіссөз жүріп жатыр. Оған дейін мүйіздер "Охотзоопромның" арнайы орындарында таңбаланып, сақталады. Қазір ешқайда сатып жатқан жоқпыз. Бірақ болашақта сыртқы нарыққа экспорттауды жоспарлап отырмыз", - дейді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар