Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев “әйелін ұрып өлтірді” деген күдікке ілінді
- kyn.kz
- 10 қараша, 2023
- 3.2k
Полиция 1992 жылы туған С.Нукенованың қазасын растағанымен, күдіктінің аты-жөнін атамады, деп хабарлайды KYN.KZ.
2018 жылдың көктемінде сот Қуандық Бишімбаевты “пара алды” деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырған еді. Яғни, ол 2028 жылға дейін түрмеде отыруы тиіс.
Бірақ экс-министр 2019 жылы рақымшылықпен бостандыққа шыққан.
Экс-шенеуніктің бұл үшінші әйелі - Салтанат Нүкенова. Марқұм жайлы не белгілі?
Салтанат Нүкенова қайтыс болған кезде 31 жаста еді. Туған жері - Павлодар. 1992 жылы 15 мамырда дүниеге келген. Бұл туралы ақпарат оның жеке әлеуметтік желілерінде көрсетілген.
Салтанат астрологияны зерттеп, жеке блогын жүргізген. Оның парақшасында көрсетілгендей, кеңес беру құны шамамен 80 мың теңгені құраған.
Салтанаттың өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазғандай, ол бұрынғы министр қабылдауға келгенде танысқан. Ерлі-зайыптылар шамамен бір жыл бұрын үйленді.
Салтанаттың ағасы Павлодар қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Нүкенов болуы мүмкін.