Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Экс-министр Қуандық Бишімбаев екі айға қамалды

Экс-министр Қуандық Бишімбаев екі айға қамалды
Orda.kz
Ол әйелін сабап өлтірді деген күдікке ілінген

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев екі айға қамалды, деп хабарлайды KYN.KZ. 

Бұл жөнінде Астана қалалық соты хабарлады.

"11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қуандық Бишімбаевты екі айға қамауға рұқсат берді" деп жазылған сот хабарламасында. Сот тергеу құпиялығын алға тартып, өзге мәлімет жарияламады.

Бұған дейін Астана полициясы "қаладағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал болып, салдарынан әйелдің дене жарақатынан қайтыс болғанын" хабарлаған. Кейін полиция аталған оқиғаны "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеп жатқанын хабарлаған.

Ұқсас жаңалықтар