Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бишімбаевтың ісі бойынша тағы бір күдікті ұсталды (видео)

Бишімбаевтың ісі бойынша тағы бір күдікті ұсталды (видео)
Экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілініп, 2 айға қамауға алынған еді

Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты тағы бір күдікті ұсталды деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі Асчтана полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция өкілдерінің айтуынша, тергеу барысында Қылмыстық кодекстің 432-бабы (қылмысты жасыру) бойынша қылмыстық іс жеке тіркелген, оның аясында "Гастро-орталық" директоры күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Қазіргі уақытта тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын және нақты адамдардың кінәсін анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралардың барлық кешенін орындайды. Тергеу барысында Қылмыстық кодекстің 432, яғни (қылмысты жасыру) бабы бойынша қылмыстық іс жеке тіркелді, оның шеңберінде "Гастро-орталық" директоры күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген полицияның Instagram желісінде жарияланған хабарламада.

Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) және 119-бабының 3-бөлігі (қауіп-қатерде қалдыру) бойынша қылмыстық істер тіркелгені айтылады. "Тергеуді Астана қаласының Полиция департаменті тергеу басқармасы жүргізеді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында болады. Естеріңізге сала кетейік, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деп ескертті департаменттегілер. 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар