Қарағанды облысында 15 жасар қызын зорлап жүкті еткен 42 жастағы азаматқа сот үкімі оқылды
- kyn.kz
- 13 қараша, 2023
- 8.5k

Қарағанды облысында туған әкесі бірнеше рет зорлаған 15 жастағы жасөспірім қыз жүкті болып қалған, деп хабарлайды KYN.KZ.
Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 42 жастағы ер адамға үкім шығарды. Жабық есік жағдайында өткен сот барысында сотталушы өз кінәсін мойындады, алайда қыздың жыныстық қатынасқа өз еркімен келіскенін және оның өгей қызы екенін айтты.
“Істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның қыздың биологиялық әкесі емес екені белгілі болды, бұл тиісті молекулярлық-генетикалық сараптаманың қорытындысымен расталды. Бірақ оның қылмыстық істің бабына еш әсері болмайтыны мәлімделді.
Қылмыс жасалған кезде ол оны өз қызым деп санаған, қыз да оны туған ата-анасы деп білген. Сондықтан ер адамға «ата-анасы жасаған» қылмыс белгісімен сотталды”,- деді Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бекзат Шалғымбаев.
Ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сотталушы үкімді апелляцияға бергенімен, облыстық сот оны өзгеріссіз қалдырды.
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында екі әкім есірткіге қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025
Алматыда жылу беру маусымы қашан берілетіні қашан басталатыны белгілі болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025