Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мемлекет басшысы Тоқаев Болат Назарбаевтың қазасына байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы Тоқаев Болат Назарбаевтың қазасына байланысты көңіл айтты
Gov.kz
экс президенттің ағасы бүгін таңда қайтыс болған еді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Болат Назарбаевтың қазасына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды KYN.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тоқаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтқан. "Мемлекет басшысы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жерлеу рәсіміне қатыспайды", - деді мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли. 

Бүгін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев 71-ге қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан дүниеден озды. Ақпаратты экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай растаған. Айта кетейік, таяуда Болат Назарбаев ауруханаға жатқызылғаны хабарланған еді. 

Медициналық мекеме өкілдері науқастың жағдайы туралы мәліметті емделушінің туысқандарының рұқсатымен ғана жария ете алатынын жеткізген. Былтыр жазда Болат Назарбаев онкологиялық ауруы анықталғаны хабарланған еді.

Ұқсас жаңалықтар