Есірткі заттарды сақтау, өндіру немесе тасымалдау үшін қылмыстық жауапкершілік негізінен 16 жастан басталады, , деп хабарлады KYN.KZ тілшісі Астана полициясына сілтеме жасап. Оған дейін олардың ата-анасына айыппұл салынатын.
«Жасөспірімдерді айла-шарғымен алдау оңайырақ. Олар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа жетпегеніне сенімді боп, айыппұлмен құтылады.
Орнына уәде етілген табысын алады. Бірақ мұндай наркокурьерлер ең ұзақ мерзім дегенде 2-3 ай жұмыс істейді. Содан кейін ұсталса, 7 жылдан 10 жылға дейін жасөспірімдерге арналған колонияларға жіберілуі әбден мүмкін»,- деді есірткіге қарсы күрес басқармасының орынбасары Бақытжан Әмірханов.