Төреғалидің қарындасы Фариза Алматыдан пәтер сатып алып, қоныстой жасады
- kyn.kz
- 14 қараша, 2023
- 1.2k
Ерлі-зайыпты жаңа пәтерін көрсетуге асығып, жақындарына кішігірім қоныстойын жасаған, деп хабарлайды KYN.KZ.
“Ойламаған жерден үй алып, ойламаған жерден қоныстой жасап жатырмыз. Негізі Астанадағы үйімізде қоныс той жасаймыз деп жүргенбіз. Әлі кілтін де алмадық. Солай армандап жүргенде аяқ асты Алматыдан үй бұйырып тұр екен. Негізі мүлдем Алматыда тұрмаймын дейтінмін.
Енді Алла қалауымен осы қаладан да баспаналы болып жатырмыз", - деді Нортаев. Оларды алғашқылардың бірі болып Төлепов әулеті келіп құттықтаған. Фариза Төреәлінің ата-анасы мен аға-жеңгесі жаңа пәтерге ашу шашып, жастарға ақ тілегін айтты. Блогердің отбасы ерлі-зайыптыға қомақты сомада көрімдік табыстады.
Оған қоса қоныс тойда Фаризаның туған қарындасы Дина Төреәлі мен оның күйеуі Ернар Мұсабай да болған. Жас жұбайлар да пәтер иелеріне қаржылай көрімдік берді.