Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада рұқсатсыз салынған тұрғын үй кешені бұзылады

Астанада рұқсатсыз салынған тұрғын үй кешені бұзылады
Baq.kz
Құрылыс салушы шарт талаптарын орындамаған және құрылысты өз бетінше бастаған

Астанада рұқсат құжаттарынсыз құрылысы жүргізілген «Көктөбе» ТК бұзылады, - деп хабарлайды KYN.KZ.

Ресми ақпаратқа сәйкес, тұрғын үй кешені Алматы ауданындағы Ш.Қалдаяқов пен К.Әзірбаев көшелерінің қиылысында орналасқан. Global Millennium ЖШС құрылыс салушысы қадалар жүргізіп, шұңқырын қазған, сол сияқты іргетасын құйып, 1-қабатын тұрғызған.

«Құрылыс салушы шарт талаптарын орындамаған және нысанның құрылысын өз бетінше бастаған. Құрылыс салушы құрылыс нормаларын бұзғаны үшін 316-бап (тиісті жобалау-сметалық құжаттамасыз), 319-бап (жерге тиісті құқықсыз өндірістік, тұрғын үй нысандарын заңсыз салу), 321-баптың 1-бөлігі (техникалық және авторлық қадағалауларсыз құрылысты жүзеге асыру), 463-баптың 1-бөлігі (рұқсатсыз іс-қимылдарды жүзеге асыру) бойынша ӘҚБтК ұйғарым бере отырып, жауапқа тартылды», - делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар