Депутат Дәулет Тұрлыханов сұраққа жауап беруден бас тартты, деп хабарлайды KYN.KZ.
«Не қалайсыз? Қалай ойлайсыз? Қалай қарайсыз? Маған мұндай сұрақтармен енді келмеңіз. Бұны балаларға қойыңыз», - деді депутат.
Естеріңізге сала кетейік, қазан айының соңында БАҚ-та Дәулет Тұрлыхановтың жиені, әнші Рахат Тұрлыхановтың әйелін соққыға жыққан туралы ақпарат таралды. Одан кейін депутаттың ұлы Нұрасыл Болатқа қазан айында ерлі-зайыпты заңгерлер Анна Димитриевич пен Олег Черновты ұрып-соққаны үшін 500 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Кейін Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлы, 30 жастағы Әкежанның да сүйіктісін ұрып-соққаны белгілі болды.