Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ішкі істер министрі Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығын қызметінен босатты

Ішкі істер министрі Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығын қызметінен босатты
azattyq-ruhy.kz
Полиция қызметкеріне заң мен тәртіп бірінші орында болуы керек дейді министр Ержан Саденов

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Талдықорғанда болған соңғы резонанстық оқиғаға байланысты Ішкі істер министрі Ержан Саденов ІІМ орталық аппараты қызмет басшыларынан құралған арнайы топпен Жетісу облысына барған, деп хабарлайды KYN.KZ.

Ведомство басшысы өзінің сапары аясында өңір полициясының жеке құрамымен және ІІО ардагерлерімен кездесу өткізді. Отырысқа облыс әкімі Бейбіт Исабаев та қатысқан.

“ Ел азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғайтын полиция қызметкері үшін заң мен тәртіп бірінші орында болуы керек. Құқыққа қайшы келген азаматтар мен полицейлердің заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылуы тиіс. Заң бәріне ортақ”,- деп атап өтті министр Ержан Саденов.

Ұқсас жаңалықтар