Үкімет басшысы «9-20-25» бағдарламасы қашан іске қосылатынын мәлімдеді
- kyn.kz
- 23 қараша, 2023
- 865
Премьер-министр Әлихан Смайылов «9-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасы қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлады KYN.KZ.
«Халықтың тарапынан қолдау тапқан бағдарлама – «7-20-25». Бірақ оны іске асыру үшін қаражат керек. Ұлттық банк өз лимитін қойды. Ал бұл лимит сұранысты қанағаттандыруға жеткіліксіз.
Енді Ұлттық банк осындай шектеу қойған соң «Отбасы банк» пен «Бәйтерек» холдингі қазір қосымша тағы бір бағдарлама әзірлеп жатырмыз. Ол – «9-20-25» бағдарламасы. Ол 9 пайыз 25 жылға (алғашқы жарна – 20 пайыз), «7-20-25» бағдарламасы: 7 пайыз – 25 жылға, (алғашқы жарна – 20 пайыз)», - деді Үкімет басшысы Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Әлихан Смайылов бағдарламаны іске қосуға қанша қаржы керегіне тоқталды.
«Қазіргі жағдайда 9 пайыздың өзі төмен болып саналады. Біз бағдарламаны іске асыру үшін есеп жүргізіп жатырмыз. Оған жыл сайын 150 млрд теңге керек. Нәтижесінде 8 мың отбасы немесе адам ипотека алады. Бағдарламаны іске қосу үшін біз 100 млрд теңгені нарықтан қалған 50 млрд теңгені «Отбасы банк» таза табысынан бөлуі керек. Осылайша, екі қаржы көзін қосып, 9 пайыздық ставкаға шығуы керек», - деді премьер-министр.
Премьер-министр жаңа ипотекалық бағдарлама 2024 жылы іске қосылатынын жеткізді.
Менің ойымша, бұл бағдарлама жастарға арналады. Оған сұраныс жоғары болуға тиіс. Бізге кем дегенде бір ай уақыт керек. Келесі жылы (9-20-25») бағдарламасы болады, - деді Әлихан Смайылов.