Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Өзбекстанда қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің концертінде адамдар кептеліп қалған

Өзбекстанда қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің концертінде адамдар кептеліп қалған
Gazeta.uz
Концерте көптеген жанкүйерлер ішке кіре алмай, салдарынан төбелес шыққан

Қазір оқиғаның мән-жайын тәртіп сақшылары зерттеп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ.

Өзбекстандық басылымның Instagram парақшасында хабарлауынша, Ташкентте өткен Jah Khalib концертіне мыңдаған адам кіре алмады.

"Олар әлеуметтік желілерде билеті барларды да кіргізбегенін жазды. Нәтижесінде Humo Arena маңында қазақстандық рэпер жанкүйерлеріне наразы топ жиналды. Кейіннен жағдай ушығып, төбелес пен тәртіпсіздікке ұласты", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге Өзбекстан Ұлттық гвардиясы тәртіпсіздік жасағандар тез арада аренадан қауіпсіз жерге шығарылып, ешкім зардап шекпегенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта ведомство оқиғаны зерттеп жатқанын хабарлады. Олар алдағы уақытта тексеру нәтижесін хабарлауға уәде берген.
 

Ұқсас жаңалықтар