Қоғам
1 айда 3 адам қаза тапқан: «Қазақмысқа» тиесілі «Жайсаң» шахтасында тағы 2 кенші қаза болды
- kyn.kz
- 27 қараша, 2023
- 7.4k
Ақпаратты компанияның баспасөз қызметі растады
Компанияның дерегінше, 27 қараша күні тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде 1981 және 2002 жылғы екі қызметкер ауыр жарақат алып, қаза тапқан, деп хабарлайды KYN.KZ.
Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр.
Кісі өліміне әкеп соқтырған оқиғалар «Қазақмыс» кен орындарында бұған дейін де бірнеше рет болды. Мәселен, 6 қарашада Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында 1 адам мерт болды. Ал 22 қараша күні Жезқазған кен байыту фабрикасында тағы да 1 жұмысшы көз жұмды. Бұған дейін, «Қазақмысқа» қарасты «Жыланды» кенішінде конвейер опырылып, 6 қызметкер жарақат алғаны хабарланған еді.
«Қазақмыс» корпорациясының негізгі үлесі Forbes нұсқасы бойынша еліміздегі ең бай адамның бірі Владимир Кимге тиесілі.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Маңғыстауда мұнай компаниясына 474 млн теңге айыппұл салынды
- авторТомирис Тоныкөк
- 20 мамыр, 2026




