Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстан мектептерінің ас мәзіріне 50 ұлттық тағам енгізіледі

Қазақстан мектептерінің ас мәзіріне 50 ұлттық тағам енгізіледі
Tengrinews
Жоба қазірдің өзінде Астананың 6 мектебінде жүзеге асырылып жатыр

Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ.

 «Мектептің кез келген қызметі сауықтыру- педагогикалық бағытта болады. «Ұлттық мектеп асханасы» жобасы ұлттық тағам мәдениетін қалыптастыруға және мектептің ас мәзіріне 50 ұлттық тағамды енгізуге мүмкіндік береді. Бұл көп ғасырлық дәстүр бойынша жасалған мәзір, ежелден келе жатқан тәжірибенің нәтижесі», — деді вице-министр.

Бұл пилоттық жоба қазірдің өзінде Астананың 6 мектебінде жүзеге асырылып жатыр.

Биыл қыркүйек айынан бастап 1,6 миллионнан астам бала тегін ыстық тамақпен қамтылды. Оның 1,4 миллионы 1-4 сынып оқушылары және 200 мыңнан астамы әлеуметтік осал топ санатындағы 5-11 сынып оқушылары.

Ұқсас жаңалықтар