Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Егер Борат болмаса»: рэпер 50 Cent қазақстандықтардың ашуына тиді

«Егер Борат болмаса»: рэпер 50 Cent қазақстандықтардың ашуына тиді
Zakon.kz
Алматыдағы концерттен кейін қазақстандықтарға рэпердің әлеуметтік желідегі пікірі ұнамады

Америкалық рэпер 50 Cent бір күн бұрын Алматыда өз концертін берді, деп хабарлайды KYN.KZ.
 

Алайда ол концерттен кейін  Қазнет қолданушыларының ашуын туғызды.

Бұл жағдайға оның әлеуметтік парақшасында пост жариялап, онда Қазақстан туралы орынсыз жазғаны себеп болды.

"Алматы, Қазақстан, бәрі керемет! Егер "Борат" фильмі болмаса, менің не айтып тұрғанымды түсінбейтін едіңіздер",  – деп жазды рэпер суретінің астына.

Қазақстандықтарға рэпердің бұл сөзі ұнамағаны анық. Оның парақшасына пікірлермен шабуыл жасалды. Негізінен, оның Қазақстанды "Борат" фильміндегі елмен салыстырғаны адамдардың наразылығын тудырды.

Сондай-ақ, желі қолданушылары әртістер мен спортшылардың арқасында Қазақстанды әлем білетінін атап өтті.

Бөлісу:

Ұқсас жаңалықтар