Бұған дейін еліміз Палестина халқына 1 млн доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсеткен
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Палестинаға қосымша 38 тоннадан асатын гуманитарлық көмек жібереді, деп хабарлайды KYN.KZ.
Бұған дейін біздің еліміз Палестина халқына 1 млн доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.
«Гуманитарлық көмекке жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіреді.
Жүктер жақын арада әуе көлігімен жөнелтіледі. Қазақстанның қолдауы Газа секторында болған гуманитарлық апатты жағдайға байланысты Палестинаға көмек көрсетуге бағытталған», - делінген Үкімет хабарламасында.