Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айжұлдыз: осы деңгейге жету үшін білім алуға 30 млн теңге жұмсадым

Айжұлдыз: осы деңгейге жету үшін білім алуға 30 млн теңге жұмсадым
https://instagram.com/aizhuldyz_adaibekova
Әнші Жана Айжанованың қызы бүгінде коуч, адамдарға бай әрі бақытты, дұрыс өмір сүруді үйретеді.

Отандық танымал актриса әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова бүгінде өзін дамытып, барынша көп білім алуға тырысатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.

Өнер иесі соңғы рет білімін арттыру үшін 30 млн теңге жұмсаған.

Айжұлдыз Адайбекова бұл туралы "Қызық Times" бағдарламасында айтып берді. Актриса қазіргі уақытта байлыққа емес, білім алуға талпыну керек деп есептейді. Сөзінше, білімді адамдар жерде қалмайды.

"Мен өте көп оқимын, ізденемін. Соңғы рет біліміме 30 млн теңге жұмсадым. Біреуге бренд сөмкелер, қымбат киімдер керек шығар. Бірақ мен үшін ол түк емес. Маған үстімдегі киімнің бренд болуы маңызды емес. Маған бәрібір. Адам білім ізденуден шаршамау керек, талпыну керек. Бұл өте маңызды. Себебі білімі бар адам жерде қалмайды. Өзің сапалы білім алған сайын, саған сондай орта келеді. Сондай ортамен өскен анағұрлым тез болады. Ондай адамдарда атақ, байлық бәрі екінші орында. Ол өзі-ақ келеді. Бұл өмір қиын емес. Шектеумен қиындататын өзіміз. Мен коуч ретінде курстар сатамын. Дизайнерлік бойынша да курстар жүргізіп, жақсы ақша таптым. Жалпы ойымдағы заттарды үндемей жасап жүрген адаммын ғой", - деді Адайбекова.

Ұқсас жаңалықтар