Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыдағы өрттің шығу себебін анықтайтын үкіметтік комиссия құрылды

Алматыдағы өрттің шығу себебін анықтайтын үкіметтік комиссия құрылды
Nur.kz
Үкіметтік комиссия зардап шеккендерге бірінші кезекте көмек береді

Алматы қаласындағы хостелде орын алған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды KYN.KZ.

"Оның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ Алматы әкімдігінің өкілдері кірді. Комиссия төрағасы төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына шұғыл аттанды", - деп жазылған хабарламада.

Үкіметтік комиссия өрт салдарынан болған қайғылы жағдайдың себептерін жан-жақты тексеру жұмыстарына дереу кірісіп, зардап шеккендерге бірінші кезекте көмек көрсетеді.

Еске сала кетейік, Алматыда 30 қараша күні таңертең Шәріпов көшесіндегі хостелден өрт шығып, 13 адамның мәйіті табылды. Тағы бірнешеуі ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша оларға иіс тиген.

Ұқсас жаңалықтар