Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бишімбаевтың үстінен «аса қатігездікпен адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды

Бишімбаевтың үстінен «аса қатігездікпен адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды
Tengrinews
Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты істің бұл хабарын Бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев берді Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты “ерекше қатыгездікпен кісі өлтіру” бойынша іс қозғалды.

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты “ерекше қатыгездікпен кісі өлтіру” бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Оның туысқандығын мен нақты айта алмаймын. Оның ағасы ма, інісі ме деген ақпаратты қазір бере алмаймын. Бірақ туысқаны екені нақты. Сол күні, оқиға кезінде қасында болған. Бірақ осы ауыр қылмыстың жасалғаны туралы полиция органдарына хабарламаған. Ол туралы Қылмыстық кодекстің жеке бабы бар. Тіпті қылмысты жасыруға тырысқан», – деді ол.

Тілшілер құзырлы орган өкілінен марқұм Салтанат Нүкенованың өлімінің ресми себебін нақтылап сұрады.

«Бұл қылмыстық іс бойынша қазір барлық тиісті сараптамалар тағайындалды. Бүкіл ақпарат сіздерге берілді ғой. Енді марқұмның өліміне алып келген бұл, әрине, Қ.Бишімбаевтың іс әрекеті екені, заңсыз іс-әрекеттерінің нәтижесі екендігі сөзсіз. Қылмыстық істі тергеу нәтижесі бойынша сараптамалар дайындалғаннан кейін тергеу органдары қосымша хабарлайды», – деді Бас прокурордың орынбасары.

Ұқсас жаңалықтар