Түркістанда білім беру қызметкерлері 2 млрд теңгені жымқырды деп күдіктеліп отыр
- kyn.kz
- 1 желтоқсан, 2023
- 1.0k
Антикордың мәліметінше, қазіргі уақытта Түркістан облысының білім беру саласынан 17 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда, олардың 4-і қамауға алынды, деп хабарлайды KYN.KZ.
Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шардара және Сарыағаш аудандарының білім бөлімдерінің бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жасауда.
«Аталған тұлғалар бюджет қаражатын аса ірі көлемде жүйелі негізде жымқырды деп күдіктелуде. Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілер 2020-2023 жылдар аралығында білім беру саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың шоттарына ақша қаражатын аудару, сондай-ақ мектеп қызметкерлеріне жоғары жалақы есептеу арқылы шамамен 2,6 млрд теңге сома жымқырған»,—делінген хабарламада.
Залалды өтеу мақсатында 39 жылжымайтын мүлік, 44 автомашина, зергерлік бұйымдар және қылмыстық істер бойынша айыпталушылардың ақшалай қаражаттары бұғатталды.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.