Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

1,5 млн қазақстандық несие берешегін уақытылы төлей алмай жүр

1,5 млн қазақстандық несие берешегін уақытылы төлей алмай жүр
Naryk.kz
Борышкердің несиені өтеуде қаржылық мүмкіндігі болмаса, оның несиесі кешірілуі мүмкін

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдарымен несие мәселесін пысықтап жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ.

Бұл туралы агенттік төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтты.

"Біз банктер, микроқаржылық ұйымдар мен коллекторлық агенттіктерге 90 күннен кешіктірілген несиесі бар қарыз алушылар бойынша бағалау жүргіздік. Статистикаға сәйкес, біз шамамен 1,5 млн адам өзінің несиелік берешегін уақытылы төлеуде қиындықтары бар екенін анықтадық. Олардың банктерде, микроқаржылық ұйымдарда несиесі бар, қарыздардың бір бөлігі коллекторлық агенттіктерге өтіп кеткен. Біз барлық қаржы институтымен жеке жоспар жасадық.

Біз нақты қарыз алушылардың тізімін белгілеп, банктер мен микроқаржылық ұйымдар әрбір қарыз алушы бойынша борыштық жүктемені қалай төмендететінін анықтадық. Оның бірнеше жолы бар.
Егер қарыз алушының қаржылық мүмкіндігі жоқ екенін көретін болсақ, онда банктермен, микроқаржылық ұйымдармен осы мәселені пысықтап, осы несиені кешіруі үшін жұмыс жүргізетін боламыз. Қарыз алушының қаржылық мүмкіндіктері болса, банктердің бұл несиелерді қайта құрылымдауы бағытында пысықтаймыз", - деді ол.

Олжас Қизатов 2024 жылдың соңына дейін тиісті жұмыс жүргізілуі тиіс екенін баса айтты.

Ұқсас жаңалықтар