Түркістанда екі күн бойы халық пен полиция іздеген 4 жасар Айбардың денесі табылды
- автор kyn.kz
- 3 желтоқсан, 2023
- 16.2k
Түркістан қаласында екі күннен бері дүйім жұрт іздеп жатқан Айбардың денесі табылды. Еріктілер қатарындағы блогер Тик-Ток арқылы жағдайды түгел тікелей эфирде көрсетіп отырды. Ол Айбар болуы мүмкін жерлерді өзі де аралаған. бір мезетте баланы іздеп жаүрген топтың чатына "бала табылды" деген хабарлама түсті, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Тікелей эфирін өшірмеген ерікті сол жерден баланың ата-анасының үйіне қарай бет алды. Видеода үйдің маңында кісі көп. Полиция қызметкерлері бірден видеоға түсіруге тыйым салды. Блогер өзі жиналған топтың ортасына кіріп қандай жағдай болғанын анықтап шықты.
"Бала табылды, бірақ өкінішке орай болып тұр бәрі.Ана жерде туған-туыс, ата - анасы жандары қиналып жылап жатыр. айта алмаймын. Бір күн бұрын Алматыдан көріпкел хабарласып "Бала сол маңда. Көршінің шұңқырында" деп еді. Дәл сол болды. Кәріз суын тартатын көлікті көрдіңіздер ме? Сол көліктің лас суды тартатын құбырына бала ілініп қалған",-деді ерікті азамат.
"Үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары нәтижесінде, 3 желтоқсан күні түстен кейін 4 жасар баланың денесі көрші үйдің жанындағы кәріз құдығынан табылды. Баланың денесін медициналық сарапшылар тексереді, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері табылмады", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Полиция департаменті мен прокуратура басшылығы да келді. Мамандар осы оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.
Айта кетері, Түркістан қаласының полициясына баланың жоғалғаны туралы хабарлама 1 желтоқсан күні кешкі уақытта келіп түсті. Жергілікті тұрғын ойнауға шыққан ұлының үйге қайта оралмағанын жеткізген. Жоғалған баланы іздеуге полиция департаментінің барлық күштері мен құралдары, сондай-ақ Ұлттық ұланның құтқарушылары мен әскери қызметшілері жұмылдырылды.