Қоғам
Алматыдағы хостелде қаза тапты деген азаматтың бірі тірі болып шықты
- kyn.kz
- 4 желтоқсан, 2023
- 586
Өрттен қаза тапқандар тізімінде Түркістан облысының тумасы қайтыс болмағаны анықталды
Рамазан Батырәліұлы ақша табу мақсатында Алматыға келіп, қымбат емес хостелді таңдап, сонда орналасқан, деп хабарлайды KYN.KZ.
Қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын жас жігіт Сарыағаш ауданына оралған. Әке-шешесі Ташкентке медициналық тексерістен бірге өтуге шақырған. Қазіргі уақытта Рамазан үйінде ата-анасының қасында.
«Бұл сенің жаңа туған күнің. Енді жылына екі рет туған күніңді тойлайтын болдық. Қазір бір ауыл ғана емес, бүкіл республика шулап жатыр. Мұғалімдері сабаққа келмеді деп қоңырау шалғанын айтады. Расымен де, көрер жарығыңыз бар екен. Ол қонақүйге қалғанында не боларын кім білсін», – дейді Дербісек ауылы әкімінің орынбасары.
Келесі мақала