Әнші бұл сыйлықты осы уақытқа дейін әлемнің танымал 150-ден аса адамы алғанын атап өтті, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Сербияның Белград қаласында Karić brothers award сыйлығына ие болдым. Мені әрдайым қолдап жүрген барша тыңдарман қауымға шын жүректен алғыс айтамын", - деді Димаш.
Сонымен қатар әнші бұл сыйлықты осы уақытқа дейін әлемнің танымал 150-ден аса адамы алғанын да атап өтті. "Ағайынды Карич сыйлығы әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және қоғам қайраткерлеріне табысталады. 1979 жылдан бері Карич қорының сыйлығы бұған дейін Нобель сыйлығының лауреаттары Ж.Альферовке, П.Хандке, Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаевқа, кинорежиссер Е.Кустурицаға, қоғам қайраткері М.Мазариге, теннисші Новак Джоковичке, актер Стивен Сигалға табысталға. Аталмыш сыйлық барлығы 150-ден астам дарынды адамдарға табысталған", - деп жазды Димаш Құдайберген.