Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Республика бойынша 19 мыңнан астам адам қызылшамен ауырып жатыр

Республика бойынша 19 мыңнан астам адам қызылшамен ауырып жатыр
Baq.kz
Еліміз бойынша сырқаттанғандардың 83% вакцина алмаған балалар

Қазақстанда 4 желтоқсанында қызылшаның 19 471 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды KYN.KZ.

Оның 81%-тен астамы, яғни 15 807-сі 14 жасқа дейінгі балалар.

"Қызылша еліміздің барлық аймағында тіркеліп жатыр. Әсіресе 4 өңірде сырқаттанушылық жоғары деңгейде, олар Шымкент – 3021 жағдай. Алматы қаласында – 2960, Жамбыл облысы - 2642 жағдай және Алматы облысы – 1687 жағдай", - дейді ведомстводағылар.

Республика бойынша сырқаттанғандардың 83% вакцина алмаған балалар. Министрлік мәліметінше, ауырған 15807 баланың 13 180 екпе алмаған.

"Биыл 6 қарашадан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы 6-10 айлық балаларға, 2 жастан 4 жасқа дейінгі балаларға және вакцинацияланбаған медицина қызметкерлеріне қарсы қосымша жаппай иммундау басталды. Бүгінгі күні 179 680 адам вакцина алды, яғни қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцина алғандар саны 12%-ке жетті", - деді министрліктің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар