Қоғам
Қонаевта мектептің баспалдағынан құлаған оқушы қайтыс болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:17
- 66
Қонаев қаласындағы мектептердің бірінде 11 жастағы оқушы баспалдақтан құлап қаза тапты. Екі күн бойы арпалысқан дәрігерлер баланы аман алып қала алмады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға 16 қарашада сағат 13:18 шамасында, сабақ арасындағы үзіліс кезінде болған.
Ведомство мәліметінше, оқушы үшінші қабаттағы баспалдақ қоршауымен сырғанап түспек болған. Сол сәтте ол тепе-теңдігін жоғалтып, екінші қабатқа құлаған. Салдарынан басынан ауыр жарақат алған.
Оқушыны емдеуге республикалық, қалалық және облыстық медициналық мекемелердің балалар нейрохирургтері жұмылдырылды. 17 қарашада дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалу үшін шұғыл ота жасады.
Алайда дәрігерлердің күш-жігері мен реанимациялық шараларға қарамастан, 18 қараша сағат 10:00-де бала қайтыс болды.


