Әлихан Смайылов жыл сайын 50 мыңға жуық жас маман университет бітірсе, олардың көпшілігі өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді деді, деп хабарлайды KYN.KZ.
«Мұның себептері әртүрлі. Мектептерде оқыту процесінің күрделі болуы, шамадан тыс талап қою және қалыптасып қалған "бәріне мұғалім кінәлі" деген қоғамдық пікір осы мамандыққа деген қызығушылықты төмендетіп жіберді. Білім беру процесіндегі қиындықтардан басқа, педагогтарға түсетін психологиялық жүктеме де жоғары. Әрине, проблемалар бар. Сондықтан мемлекет мұғалім мамандығын қалайтын жастарды одан әрі қолдайды», - деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы педагог мамандығында оқитын студенттердің стипендиясы 2,5 есеге өскенін атап өтті. Биыл мемлекеттік грант алуға үміткерлердің әрбір төртіншісі және 1,5 мыңнан астам «Алтын белгі» иегері мұғалім болуға ниет білдірген.