Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап жаңа арнайы жәрдемақы алады

Қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап жаңа арнайы жәрдемақы алады
Егемен Қазақстан
Мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер тізімі жаңа тармақпен толықтырылды

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 55 жастан бастап әлеуметтік төлем енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды KYN.KZ.

Қызметкердің денсаулығына келтірілген зиянның дәрежесі ескеріледі.

Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында тәсілдер әзірленді.

Заң жобасында төрт төлем көзінен тұратын МКҚК қарастырылған, оның бірі  – республикалық бюджеттен төленетін арнайы кәсіби мемлекеттік жәрдемақы. Қазір заң жобасы Парламент Сенатында қаралып жатыр, – делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар