Мәдениет
"Үйге асығып тұрам": Отбасылы болған әнші Qanay отбасы жайлы айтты
- kyn.kz
- 7 желтоқсан, 2023
- 1.6k
Халыққа Qanay лақап атымен танымал Нұрболат Қанай биыл шаңырақ көтерді
Жетісайлық арумен отбасы құрған әнші "1001 түн" бағдарламасында жан сырын ақтарды, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Қазір үйге асығып тұрам. Достарыма "30 жасқа дейін сендермен жүрдім. Енді әйеліме жіберіңдер" деп әзілдеймін. Өміріме мән кірді. Бойдақ жүргенде біресе оңға, біресе солға кететінмін. Қазір уақытылы ұйықтаймын, тамағым дайын, киімім таза. Береке кірді. Бұрын үйге кіргім келмейтін. Үйленгеннен кейін Аллаға шүкір, рахат", - деді Нұрболат Қанай. Айта кетейік, Нұрболат Қанай маусым айында мұсылманша некесін қидырды.